Евлах ауданына қарасты Аран ауылында орналасқан жеке үйлердің бірінен екі адамның денесі табылды, де...
Әли Оқапов қаралы хабар туралы жазба жариялады
ашық дереккөзден алынған
Танымал өнер иесі Әли Оқапов өзіне жақын жандардың бірінен айырылғаны жайлы суыт хабармен бөлісті, деп хабарлады Мadeniportal.kz.
Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
Ол бұл қайғылы жайтты жүрекпен қабылдап, қимас досын ерекше сағынышпен еске алды.
"Ғалым, қош бол, жан досым. Жатқан жерің жарық, топырағың торқа болсын. Көп рақмет, бауырым. Жанымызға жақын адамымыз, мотоцикл әуесқойы досымыз өмірден өтті. Ол – кең пейілді, сенімді дос, әрі отбасымыздың бір мүшесі еді. Барша жақындарына және оны жақсы білетін жандарға көңіл айтамыз. Иә, бұл хабар дәл түсірілім басталар сәтте келді. Бұндай жағдай менің басымнан бұған дейін де өткен – өткен жылы дәл осындай сәтте "Жұлдызды жұп" жобасының алғашқы күні болатын. Таң атысымен досыңнан айырылып, арада бір сағат өтпей-ақ күліп, экранда көрінуге тура келеді. Бұл – біздің кәсібіміз. Ал қазір тек ұйықтап, барлығынан аз уақытқа болса да алыстағым келеді. Себебі ертең күн жаңа басталады – алда жұмыс, тіршілік жалғасады. Сондықтан да адамдардың сыртқы бейнесіне қарап, бірден пікір айтуға асықпаңыздар. Себебі ішкі жан дүниеде не болып жатқанын сырт көз шала түсінеді. Бұл – өмір", – деп жазды ол.