Маңғыстауда уланған отбасы туралы жағымсыз хабар тарады

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
130

Маңғыстау облысында үй жағдайында ысталған балық жегеннен кейін ауыр халде ауруханаға түскен отбасының 9 жастағы баласы көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға шамамен екі апта бұрын болған. Бір отбасының төрт мүшесі ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізіліп, дәрігерлер олардан ботулизм белгілерін анықтаған. Алдын ала мәлімет бойынша, науқастар үй жағдайында ысталған балық жеген.

Уланғандардың барлығы жансақтау бөліміне жатқызылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Сондай-ақ оларға ботулизмге қарсы арнайы сарысу енгізілген.

Науқастардың арасында 9 жастағы баланың жағдайы аса ауыр болған. Ол жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатқан. Баланың жағдайында оң өзгеріс байқалмағаннан кейін туыстары Астанадағы мамандардан көмек сұраған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық актриса, продюсер әрі режиссер Назгүл Қарабалина жеке өміріне қатысты көпшілік біле бер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Полиция «Айша» сауда орталығында жаңа бутиктің ашылуы кезінде болған жаппай кептеліске қ...