Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болды

ЖАҢАЛЫҚТАР
3015

Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Қазақстанда Ұлттық олимпиада комитетін басқаратын болды, деп хабарлайды madeniportal.kz


Астанада ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің кезектен тыс Бас Ассамблеясының отырысы өтті. Жиын барысында Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің Президенті болып сайланды.

Енді Геннадий Головкин Қазақстан спортшыларының халықаралық жарыстардағы нәтижесіне жауап береді. 

"Федерациялар ҰОК президенті лауазымына Геннадий Геннадиевич Головкиннің кандидатурасын ұсынды", – делінген комитеттің ҰОК Бас Ассамблеясының мүшелеріне жолдаған ресми хатында.

Айта кетейік бұған дейін бұл міндетті бизнесмен Тимур Құлыбаев 9 жыл бойы атқарған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...