Иранда ер адам алып акуланың үстіне секіріп мінді

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1453

Иранның Абадан қаласының жағалауында ер адам кит акуланың арқасына мініп алды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Daily Mail басылымы жариялады.

Жарияланған бейнежазбада ер адамның суға секіріп, акуланың жүзбе қанатын ұстап, оның арқасына шығып алғаны көрінеді. Кадрларда ол алып балықтың үстінде тұрып секіре бастаған сәттері де бар.

Акула агрессия көрсетпеген. Біраз уақыттан кейін ер адам тепе-теңдігін жоғалтып, қайтадан балықтың үстіне отырып, қолын бұлғауды жалғастырған, содан соң ол (акула) жүзіп кеткен.

Бұл оқиға Парсы шығанағындағы бұрғылау платформасының жанында болған.

Зерттеушілердің айтуынша, кит акуласы жыртқышқа жатпайды. Ол негізінен планктонмен, ұсақ балықтармен, кальмарлармен, шаянтәрізділермен және тіпті балдырлармен қоректенеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана – Щучинск автожолындағы «Щучинск» ақы алу пунктіне кіреберісте қозғалыс жол...

Шоу-бизнес

Қазақстандық әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында қызының бой жетіп, өз алдына бі...