Яна Легкодимованы өлтіргендер әлі қатаң түрмеге жеткізілмеген: Этаптау үшін ұлттық ұланның арнайы қарауылы сұралған

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
801

Яна Легкодимованы өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Алтынбек Қатимов пен Ризуан Хайржанов әлі күнге дейін Атыраудағы тергеу изоляторында отыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталғандардың әлі этапталмағанын мәлімдеді.

«Өмір бойына сотталғандар қазіргі уақытта Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің тергеу изоляторында қамауда отыр. Оларды этаптау үшін ҚР ұлттық ұланының арнайы қарауылын бөлуге өтінім жолданды», — деді Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшысы Азамат Ізтілеуов.

Оның айтуынша, арнайы қарауыл бөлінгеннен кейін сотталғандар жазасын өтеу орнына жеткізіледі. Алайда нақты қашан жөнелтілетіні әзірге белгісіз.

Бұған дейін марқұмның анасы Галина Легкодимова қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне ресми түрде жүгініп, сотталғандардың қашан этапталатынын түсіндіруді сұраған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...