Қазақстандықтарды миллиондаған теңгеге алдаған алаяқ Мәскеуде ұсталды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1311

Ресейде қазақстандықтарды 32 миллион теңге мен 14 мың долларға алдаған Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары ұсталды. Олардың бірі тұрғындардың қымбат телефондарын өткізіп беремін десе, бірі жалған жер учаскесін сатып алдаған, деп хабарлайды madeniportal.kz.

ІІМ-нің мәліметінше, 28 жастағы қазақстандық Мәскеуде ұсталды.

Ол Алматыда 2024 жылдың сәуір-қазан айлары аралығында жергілікті тұрғындарға қымбат смартфондарын сатуға уәде беріп, кейін қашып кеткен. Ер адам жеті адамды алдаған.

"Люберціде Шымкент полициясының қызметкерлері ресейлік әріптестерімен бірге 36 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Ол 2014 жылы Шымкент тұрғынына тиесілі жер учаскесін алдап, 14 мың доллар шығын келтірді", - делінген хабарламада.

2025 жылдың басынан бастап Қазақстаннан тыс жерлерде 11 қылмыскер, ел аумағында 44 қылмыскер ұсталды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Интернеттегі қысқа видеороликтер бүгінде балалар өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Бұрын бос уақыт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сочидегі Бонди-Бич жағажайында болған атыс салдарынан 12 адам қаза тауып, 12 адам жарақат алды. Оқиғ...