«Артық сөз жазбаңыздар»: Алтынай Жорабаева көпшілікке сүйінші жаңалығын айтты

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
291

Әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында болашақ құда-құдағимен алғашқы кездесуі туралы әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өнер иесі бұл күннің өзі үшін ерекше мәнге ие болғанын айтып, ата-ана үшін баласының қуанышы ең үлкен бақыт екенін жеткізді.

Оның сөзінше, кездесу ақ дастархан басында өтіп, екі жақ жылы жүзбен танысқан.

«Балапандарымызға тағдырдың тартуы тек тәтті болсын. Балаңның әрбір қуанышы ата-ана үшін мың есе қуаныш қой. Ақ көңіл, адал ниетпен ақ дастархан басында бас қосып, болашақ құдаларымызбен танысып, көңілімізді бірлеп алдық, шүкір», – деп жазды әнші.

Сондай-ақ ол өмірінде жаңа кезең – құда-құдағи болу жолы басталғалы тұрғанын айтып, Жаратқаннан балаларының бақытын тіледі.

Жазба соңында әнші оқырмандарын ақ тілектерін арнап, жастарға бақыт тілеуге шақырды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...