Жайық өзенінен 18 жастағы бойжеткеннің денесі табылды

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2204

Қайғылы жағдай, Атырау облысы, Индер ауданында орын алды. Студенттің денесі Жайық өзенінен табылған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, марқұм сол түні құрбысының үйінде қонған. Алайда, таңертең ол із-түссіз жоғалып кеткен. Жақындары іздеу жұмыстарын жүргізген.  Бейнебақылау камералары арқылы, оның таңғы сағат 05:30 шамасында көпірге қарай бет алғанын анықтаған. Кейіннен сүңгуірлер жас қыздың денесін өзеннен алып шықты. 

Полиция оқиғаны суицид дерегі ретінде тіркеген. 

Марқұм, құрбысына қоштасу хатын қалдырған көрінеді. Десе де, бұл әлі расталмады. 

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...