Іле Алатауында адасып кеткен төрт жасөспірімнің жағдайы белгілі болды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2311

Алматы облысы Іле Алатауы тауында "Лесной" асуында Букреев шыңынан түсу кезінде 15-16 жастағы 4 жасөспірім адасып, құтқарушылардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Madeniportal.kz ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

Тез арада ТЖМ "РЖҚЖ" жедел тобы шақырту орнына шыққан.

"Құтқарушылар теңіз деңгейінен 3010 метр биіктікте адасып қалған жасөспірімдерді тауып, қажетті көмек көрсетті. Құтқарушылар оларды таудан түсіріп, полиция қызметкерлерінің қатысуымен ата-аналарына тапсырды. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ", - делінген хабарламада.

Жасөспірімдердің ата-аналары құтқарушыларға алғыс білдірді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында екі қазақстандық қыздың қаза болғаны белгілі болды, де...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Риддерде 13 жастағы қыз мотоциклмен келе жатып, жолға тартылған арқанға соғылып, көз жұмды. Қайғылы...