Студенттің оқып жатыр деген анықтамасына қарамай әскерге алып кетуі мүмкін, деп хабарлайды madenipor...
"Әдейі қақты": Алматы полициясы желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді
Фото: видеодан скриншот
662
16 шілдеде Медеу ауданында Toyota Land Cruiser мен Piaggio Vespa мопеді соқтығысты. Оқиғаға қатысты полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Апат салдарынан мопед жүргізушісі мен жолаушысы медициналық көмекке жүгінді.
Полиция Sputnik тілшісіне оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады. Сондай-ақ әлеуметтік желіде тараған жүргізуші мен полицейлердің туыстығы бар деген ақпаратты жоққа шығарды.
Мопед жолаушысы Land Cruiser жүргізушісі әдейі қағып кеткенін айтқан болатын. Ал полиция жүргізуші бір жолақтан екіншісіне ауысқан кезде мопедпен соқтығысқанын хабарлады.