Илон Масктың интернеті Қазақстанның бірнеше пойызында пайда болады

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
655

Starlink компаниясының интернеті Қазақстанның бірнеше пойызында пайда болады, деп хабарлады  MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Tengri Travel жариялады.

КТЖ-дегі брифинг барысында Ахметжанов Burabay Express пойызында Starlink интернеті іске қосылғанын, оның жақсы нәтиже көрсеткенін айтты.

«Starlink жаңадан нарыққа шықты, біз оны іске қостық. Қазір тағы екі стандартты пойызға орнатуды жоспарлап отырмыз. Биыл жыл соңына дейін, шамамен қазан айында, біз Ақтөбе – Алматы және Қызылорда – Семей бағыттарындағы пойыздарға қосылуды бастаймыз. Бұл бағыттарда Starlink жүйесін пилоттық режимде сынақтан өткіземіз. Байланыс сапасы жақсы, бірақ еліміз үлкен болғандықтан, басқа аймақтарда қандай болатынын тексеру керек. Технологиялық тұрғыдан алғанда, бұл интернетпен Talgo пойыздарын қамтамасыз ету оңай, сондықтан экономикалық тұрғыдан тиімді болса, бізде бар 25 Talgo құрамын қосу жоспарымызда», – деді ол.

Стандартты пойыздарға келетін болсақ, Ахметжановтың айтуынша, алдымен бұл технологияның пилоттық режимде қалай жұмыс істейтінін көру қажет. Егер жоба сәтті болса, оны кеңейту жоспарланып отыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

22 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давосқа жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады Maden...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында 2025 жылғы 25 желтоқсанда тіркелген бір...