Индонезияда 271 адам мінген паром өртенді: 5 адам қаза тауып, 41 жолаушы із-түзсіз жоғалды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
95

Индонезияның Шығыс Ява провинциясындағы Мадура аралының маңында 271 адам мінген жолаушылар паромы өртеніп, салдарынан кемінде бес адам қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тағы 41 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Бұл туралы елдің Ұлттық іздеу және құтқару агенттігі (Basarnas) мәлімдеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, KMP Mutiara Sentosa 2 паромы Сурабая қаласынан Оңтүстік Сулавеси провинциясындағы Макасар қаласына бет алған. Өрт жергілікті уақытпен таңғы сағат 6:00–7:00 шамасында Мадура аралының солтүстік жағалауына жақын жерде тұтанған. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз, тергеу басталды.

Оқиға кезінде жолаушылардың бір бөлігі құтқару кеудешелерін киіп, теңізге секіруге мәжбүр болған. Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда қою қара түтінге оранған паром мен құтқарылуды күтіп тұрған адамдар көрінеді.

Құтқару операциясына теңіз күзеті, әскери-теңіз күштері мен маңайдағы азаматтық кемелер жұмылдырылды. Соңғы мәлімет бойынша, 225 адам аман-есен құтқарылды, ал жоғалған 41 адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ауа райы мен қауіпсіздік жағдайы операцияны қиындатуда.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таиландта ресейлік ағайындыны өлтірді деген күдікпен екі адам ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.k...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян отставкаға кету туралы өтініш жазғанын мәлімдеді, деп хаба...