Таиландта ресейлік ағайындыны өлтірген қылмыскерлер туралы тың дерек шықты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
30

Таиландта ресейлік ағайындыны өлтірді деген күдікпен екі адам ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Таиланд полициясы Паттайя маңында жоғалып кеткен ресейлік ағайынды – 22 жастағы Диана мен 17 жастағы Роман Назимовтардың өліміне қатысы бар деген күдікпен екі тай азаматын ұстады. Тергеу барысында күдіктілер қылмысты мойындап, марқұмдардың мәйіттерін жасырған жерді көрсеткен. 

Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілердің екеуі де бұрын сотталған ағайындылар. Тергеу нұсқасына сәйкес, олар алдымен Романды атып өлтірген, кейін Дианаға шабуыл жасап, оның да өмірін қиған. Кейін екі мәйітті орманды аумақта көміп, қылмыс ізін жасыруға тырысқан.

Полиция іздестіру кезінде жоғалғандардың мотоциклін де жерге көмілген күйде тапқан. Дәл осы айғақтар күдіктілерді анықтауға және оларды ұстауға көмектескен.

Тергеушілердің айтуынша, қылмыстың нақты себебі әлі анықталып жатыр. Қазір күдіктілерден жауап алынып, қосымша сараптамалар жүргізілуде. Құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайын анықтау үшін тергеуді жалғастырып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияның Шығыс Ява провинциясындағы Мадура аралының маңында 271 адам мінген жолаушылар паромы өр...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян отставкаға кету туралы өтініш жазғанын мәлімдеді, деп хаба...