Индонезияда өлім жазасына кесілуі мүмкін қазақстандықтар туралы не белгілі?

Фото: ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
985

28 және 25 жастағы екі ер адам 11 сәуірде Бали аралының Сукавати ауданына қарасты Батуан ауылында ұсталған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Stan.kz сайтына сілтеп.

Екеуінен 49,18 грамм болатын 30 пакет метамфетамин табылған. Индонезия заңы бойынша бұл ауыр қылмыс саналады.

Полицияға екі азамат туралы жергілікті тұрғындар хабарласқан. Олардың бірі жол шетінде бірдеңе іздеп жүрген. Екіншісі моторы қосулы мотоциклде отырған. Сол сәтте полиция екеуін қолға түсірген.

Тергеу мәліметінше, екі қазақстандық халықаралық есірткі синдикатымен байланыста болған. Тергеушілер олардың тек орындаушы екенін айтты. Ал "EVIL" деген атпен танымал ұйымдастырушы әлі бостандықта жүр дейді.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі жағдай бақылауда екенін айтты. Отбасымен байланысып, адвокаттармен қамтамасыз еткенін жеткізді. Енді оларды ұзақ мерзімге соттау немесе өлім жазасы күтіп тұр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...

ЖАҢАЛЫҚТАР

15 жастағы қызылордалық қызды 21 жастағы колледж студенті бірнеше рет зорлаған. Жәбірленуші жігітпен...