Мектеп шатыры құлап, 20 оқушы мен бір мұғалім қаза тапты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
160

Пәкістанның Пешавар қаласында жекеменшік мектептің шатыры опырылып, кемінде 21 адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қаза болғандардың арасында 7–12 жас аралығындағы 20 оқушы мен бір мұғалім бар. Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, тағы бес адамның жағдайы ауыр.

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Олар үйінді астында қалған адамдарды іздеп, сыртқа шығару шараларын жалғастыруда.

Пәкістанның сыртқы істер министрі Исхақ Дар зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету қажет екенін айтты. Сондай-ақ ол осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін мектептердегі қауіпсіздік талаптарын күшейтуге шақырды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бестөбе кентіндегі шахталардың бірінің аумағынан екі ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Maden...

Шоу-бизнес

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген GRAMMY студиясының жаңа "Global Mixtape" жобасына сұхбат беріп,...