Маңғыстау облысында өтетін «Әбіш әлемі» І Халықаралық фестиваліне шет мемлекеттен 8 теат...
Қазақстанда күн +32 градусқа дейін жылиды
Фото: freepik
Алдағы үш күнде Қазақстанның ірі қалаларында ауа-райы әуелі жылы болып, кейін жел күшейіп, найзағай ойнап, айтарлықтай салқындайды. Әсіресе Астанада жағдай күрт өзгереді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Астана: аптап ыстық, шаңды дайыл, қара суық
Жұма, 1 мамыр күні елордада ауа температурасы +28…+30 градусқа дейін көтеріледі. Алайда жайлы ауа райы ұзаққа созылмайды. Күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Желдің екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді, күндіз шаңды дауыл болуы ықтимал.
2 мамырға қараған түні температура күрт төмендеп, +6…+8 градусқа дейін түседі. Күндіз салқындап, +16…+18 шамасында болады, жауын-шашынсыз.
Жексенбі, 3 мамыр күні тіпті салқындай түседі: түнде +4…+6, күндіз +18…+20 градус шамасында, жауын-шашынсыз. Жел сезілерлік деңгейде сақталады.
Алматы: жылы, бірақ найзағай ойнайды
Алматыда ауа райы біршама жұмсақ болғанымен, жауын-шашынсыз өтпейді.
1 мамыр күні күндіз +26…+28 градус, өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Сенбі, 2 мамырда айтарлықтай өзгеріс жоқ – +25…+27, қайтадан жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін.
3 мамырда сәл салқындайды – +23…+25, жауын-шашын сақталады.
Түндері жылы – үш күн бойы шамамен +13…+15 градус.
Шымкент: аптап ыстық, жаңбыр
Оңтүстікте демалыс күндері жазғы ыстықпен басталады.
Жұма, 1 мамыр күні күндіз +30…+32 градусқа дейін, жауын-шашынсыз.
Алайда 2 мамырда ауа райы күрт өзгереді – +21…+23, жаңбыр мен найзағай.
Жексенбі, 3 мамырда да жағдай өзгермейді: сол +21…+23 градус және қайтадан жауын-шашын.
Түнде температура +13…+16 градус шамасында сақталады.