Путин Кенесары ханның сүйегін Қазақстанға жеткізуге көмектесуге уәде берді

ЖАҢАЛЫҚТАР
3269

Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа Кенесары ханның сүйегін Қазақстанға қайтаруға көмектесуге уәде берді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

Айдос Үкібайдың айтуынша, Елбасының Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында талқыланған мәселелердің бірі қазақ халқының қасиетті артефакті - Кенесары ханның сүйегін іздеу және Қазақстанға қайтару тақырыбы болды.

«Нұрсұлтан Әбішұлы Ресей президентінен бұл жұмысқа көмек көрсетуді сұрады. Елбасы қазақ халқы үшін соңғы хан сүйектерінің туған жеріне көміліп, оның жаны тынышталғаны өте маңызды екенін ерекше атап өтті.

Владимир Владимирович Путин Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Ресей тарапы оған жан-жақты көмек көрсететініне сендірді. Путиннің айтуынша, артефакт табылып, Қазақстан халқына қайтарылады», деді ол.

madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте тағы бір әйел пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Шымкент қалас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов екінші жары Айманмен бірге қасиетті Мекке мен Мединаға қажылық сап...