Алматыда жүк көлігі жеті жасар қызды қағып, мерт қылды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2169

Күндіз Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде жеті жасар баланы көлік қақты, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Жүк көлігінің жүргізушісі қызды байқамай қалған. Қайғылы оқиға 2 сәуір күні сағат 12:17-де Алматы қаласының Алатау ауданында болған.

Жүк көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан қызды көрмеген.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше:
«Renault маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Бурундай көшесімен батыс бағытта қозғалып келе жатып, Жаңа көшесімен қиылыста жеті жасар қызды қағып кеткен. Ол белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан».

Баланың алған жарақаты ауыр болып, оқиға орнында көз жұмды.

Полиция өлімге әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайғылы жағдайда қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына жиналған қаржылай көмек табысталды. Қара...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде терроризмді насихаттады деп айыпталған ер адам 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды, деп...