Ирактың солтүстігіндегі мұнай кен орнында жарылыс болды

Ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1709

Жарылыс Ирак Күрдістанының автономиялық аймағына қарасты Дахук провинциясының солтүстігінде орналасқан Атруш мұнай кен орнында болды, деп хабарлады madeniportal.kz.

Бұл туралы Shafaq News телеарнасына ақпарат таратқан.

Жергілікті қауіпсіздік күштерінің өкілі таратқан мәліметке сәйкес, жарылыс кен орны аумағында болған. Қазіргі уақытта нысан қызметкерлері мен азаматтық қорғаныс жасақтары өртті сөндіруге күш салып жатыр. Мұнай өндіру уақытша тоқтатылған. Алдын ала мәлімет бойынша, адам шығыны жоқ.

Baghdad News жаңалықтар порталының жазуынша, Атруш кен орнына шабуыл жасалған. Олардың мәліметінше, оқиға орнында түтін көтерілген. Қосымша деректер әзірге жарияланбады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Колумбияның батысында болған қуатты жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 254 адамға жетті. Табиғи ап...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шерхан Аймахан, 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша сот алдында жауап беріп жаты...