Қостанай облысында полицейлер қарт адамдарға алаяқтық жолмен несие және шағын несие рәсімдеген пошта...
Баян Алагөзова өнер өкілдерінің депутат болуына қатысты пікір білдірді
әлеуметтік желіден
Продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі жазбасында өнер саласының өкілдерінің мемлекеттік қызметке араласуына қатысты пікірін білдіріп, сынға ұшырап жүрген әріптесін қолдайтынын жеткізді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Баян Мақсатқызы өз жазбасында адамның белгілі бір салада жетістікке жетуі үшін ең бастысы оның білімі, тәжірибесі мен еңбегі маңызды екенін атап өтті. Оның пікірінше, заңгер, мұғалім немесе дәрігер депутат бола алса, мәдениет саласының мамандары да бұл қызметке лайық болуы мүмкін.
«Заңгер, мұғалім, дәрігер депутат бола алады да, әртіс неге депутат бола алмайды? Басқалардан заңды, бюджеттің қалай бөлінетінін сұрап керек емес те, тек мәдениет саласының адамдарынан сұрау керек пе?» – деді Баян Алагөзова.
Продюсер сонымен қатар қолдау білдірген адамының мансап жолында ешкімнің көмегіне сүйенбей, өз еңбегімен жетістікке жеткенін айтты.
«Қазір оған өте ауыр. Көпшіліктің сыны жанына батып жүр. Мен оны қолдағым келеді. Ол – лайық адам», – деп жазды Баян Мақсатқызы.
Осылайша продюсер қоғамдағы өнер адамдарының саясатқа араласуына қатысты пікірталасқа өз көзқарасын білдіріп, сынға қалған әріптесін қолдайтынын жеткізді.