“Хабар“ агенттігіне жаңа басшы сайланды

Фото: khabar.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
513

Ләззат Танысбай "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрайымы болып тағайындалды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.  

Ләззат Танысбайдың телевизия саласында 30 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Ведомство мәліметінше, ол әр жылдары "Астана" телеарнасын, "НҰР-Медиа" медиахолдингін, "Қазақстан" РТРК" АҚ-ны, "Евразия" телеарнасын басқарған, сондай-ақ Байланыс және ақпарат министрлігінде қызмет атқарған.

"Жинақталған кәсіби және басқарушылық тәжірибе "Хабар" агенттігі" АҚ-ны одан әрі жетілдіруге, қызметтің негізгі бағыттарын дәйекті жаңғыртуға және "24KZ" телеарнасының еліміздің жетекші қоғамдық-саяси телеарнасы ретіндегі рөлін арттыруға бағытталатын болады", - деді министрліктегілер.

Бұған дейін агенттікті басқарған Кемелбек Ойшыбаевтың қызметінен босатылғаны нақтыланды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда жүріп келе жатқан көліктен секірген қызды басқа автокөлік қағып кеткен. Полиция оқиғаның...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайлары әлі де тіркеліп жатыр. Дегенмен елдегі эпидемиологиялық а...