«Басқа жігіт сөз салған»: Қырғыз президентінің жиені спортшымен шаңырақ көтерді

Коллаж: Orda.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2344

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жиені Ләззат Нұрқожаева Олимпиада құрамасының мүшесі, грек-рим балуаны Амантур Исмаиловқа тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Madeniportal.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Президент Садыр Жапаровтың жиені Лазат Нұрқожаеваны ұзату рәсімі «Ата» мейрамханасында өткен. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбалардан той төрінде Қырғызстан президентінің ағасы – Сабыр Жапаров пен Ләззат Нұрқожаеваның әкесі Дулат Жапаровтың жүргенін көруге болады.

Лазат Нұрқожаеваның күйеу жігіті белгілі спортшы, балуан және Париж Олимпиадасының қатысушысы. Ерлі-зайыптылардың үйлену тойы 21 ақпанда өтеді.

Еске салайық, өткен жылдың жазында Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жиені Ләззат Нұрқожаева сөзге қалған. Оған күйеу жігіті тікұшақпен сөз салып, қырғыз қоғамын шулатқан еді. Екі ғашық ТЖМ тікұшағын жалға алып, Бішкек маңындағы тауда үлкен іс-шара ұйымдастырды. Оның видеосы әлеуметтік желіге тарады. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жиені Ләззат Нұрқожаеваның үйленуге ұсыныс алған видеосына байланысты ел халқынан кешірім сұрады.
Алайда көп ұзамай Афтандил Сабырбеков ұсталып, екі жас екі жаққа кетті. Араға жарты жыл салып Ләззат Нұрқожаева спортшы жігітке тұрмысқа шықты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазір әлеуметтік желілерде продюсер Баян Алагөзова мен жұбайы Тұрсын Алагөзовтың қазақ киносының аңы...

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...