«Айналайын, 100 млн теңгені не істейсің?» - Мәжіліс төрағасы мәдениет министрлігіне шүйлікті

Жаңалықтар
3419

Мәдениет және Спорт министрлігі мемлекеттік бағдарламаның концепиясын жаздыру үшін бюджеттен 100 млн теңге сұрап отыр.

Фотоколлаж. azattyq-ruhy.kzМәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов республикалық бюджеттен мәдени мұраға қатысты екі жобаның концепциясын жасау үшін ақша сұраған. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, кеше министр Ақтоты Райымқұлованың өзі келіп, негізі 100 млн теңге, бірақ, әрбір жобаға 30 млн теңгеден бөлінсе де болады деп мәлімдеген. Өзі бүгін Маңғыстау өңіріне сұранып кетіпті. Мәжіліс төрағасының ашуына тигені – министрлік бұл қаражатты бағдарламаны орындауға емес, біреулерді жалдап, сол бағдарламалардың тұжырымдамасын жазуға сұрап отырғаны. 

«Әрине, біз мәдени мұраны сақтауымыз керек, қорғауымыз керек, қаражат бөлуіміз керек. Оған ешқандай сөз жоқ, Елдос Мұратұлы. Бірақ сіздердің министрліктеріңізде аппарат бар ғой? Бар. Сол аппаратта жақсы мамандар бар ма? Өзіңізді сол мамандардың қай тобына жатқызасыз? Жарайды, бірінші топқа дейік», - деді Мәжіліс спикері.

Алайда, вице-министр ұяңдық танытып, «орта топта» деп жауап берді. Бұл сөзі Нығматулиннің тағы ызасын келтірді. 

«Министрлікке резюме жібергенде 4-5 диплом көрсетіп, қаншама тәжірибеден өттік дейсіздер, ал сұрақ қойса орташамын дейсіздер. Менің білуімше, министрліктің аппаратында 300-дей адам жұмыс істейді. Сонымен қатар, мұражайлар бар, басқа да мәдени орталықтар бар. Солай емес пе? Солай. Олардың арасында қаншама ғылыми қызметкер бар. Тағы да әртүрлі сарапшылар жұмыс істейді. Осылардың ішінен бағдарлама емес, концепцияны жасайтын бір топ шықпаса, онда осыншама қызметкерлер не үшін керек?», - деді Нұрлан Нығматулин. 

Нұрлан Нығматулин бюджеттен біресе 100 млн, біресе 30 млн теңге сұраған министрліктің «мемлекеттік ақшаға деген қарым-қатынас – базардағы сауда» сияқты деп, қатты сынап, Қаржы министрлігіне осы мәселені бақылауда ұстауды тапсырды.

«Сол 100 млн теңге ақшаны айтып, кеше министр келген. Сонда Бердібек Мәшбекұлы екеуміз (Премьер-министрдің орынбасары - агенттік) «Айналайын, 100 млн теңгені не істейсіңдер, кімге бересіңдер» деп сұрадық. «Бір топты жалдап, концепция жаздырамыз» дейді. Бұл масқара нәрсе ғой! Сонда, министрдің аппараты не істейді? Барлық мемлекеттік орган осындай. Сосын Үкімет пен парламентке келіп, өздеріңіздің еңбектеріңіздей етіп таныстырасыздар. Неге мемлекет артық ақша жұмсауы керек, соны түсінбеймін», - деді спикер. 

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

author

Ақтоты Райымкұлова

КОМПОЗИТОР

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...