Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Мемлекеттік...
Италияда қазақстандық студент көз жұмды
ашық дереккөз
Италияда Қазақстаннан барған студент қаза тапты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Ол Орал қаласындағы НЗМ түлегі болған.
Оның қайтыс болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды.
Жарияланған мәліметтерге сәйкес, марқұмның туыстары оның мәйітін елге жеткізу кезінде бірқатар қиындықтарға тап болған. Жазбаларда бұл шығындардың жалпы көлемі шамамен 8000 еуроны құрайтыны айтылған.
Осыған байланысты біз Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен түсініктеме сұрадық. Ведомство марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қазақстандық дипломаттардың қажетті көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді.
«Сыртқы істер министрлігі марқұмның туған-туыстары мен жақындарына шынайы көңіл айтады. Қазақстан Республикасының Италиядағы Елшілігі мен Италияның құзырлы органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қазақстандық дипломаттар туыстарымен байланыста болып, қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуде», — деп хабарлады министрлік.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.