Кәмелетке толмаған баланы зорлап сотталған ер адам қашып кетпек болды

Фото: КазТаг

ЖАҢАЛЫҚТАР
2767

Семейде кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін 15 жылға сотталған ер адам қашуға әрекет жасады, деп хабарлайды Madeniportal.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Сотталушы түрмеде жағдайы нашарлаған. Кейін оны Семей қаласының облыстық ауруханасына жеткізген. Алайда ер адам ауруханада қашып кетуге әрекет жасаған.

Кәмелетке толмағандарды зорлағаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылған сотталушыны құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстады.

Сотталған адам Қонаевтың тумасы екені белгілі.Оған қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК 120-бабының 3-1-бөлігінің 1-тармағы (кәмелетке толмағандарды зорлау) бойынша жүргізілген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп...

Шоу-бизнес

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева Аша Матаймен болған оқиғасын айтып, ренішін білдірді. Ол бұл туралы...