Сұлтан қанша жылға сотталатын болды?

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1345

Марқұмдардың туысы Сұлтан Сәрсемәлиевтен 70 млн теңге талап етті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Атырауда төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесі жалғасып жатыр. 18 маусымдағы сот отырысында жәбірленуші тараптың азаматтық талап арызының сомасы жарияланды.

Қайтыс болған Мақсот Қарабалиннің қарындасы Әдемі Шылмағамбетова сотталушыдан 70 млн теңге көлемінде моральдық және материалдық шығын өндіруді сұрап отыр.

Сотта Сәрсемәлиев бұл талаптан бас тартпайтынын айтты. Алайда ол қазіргі қаржылық жағдайына байланысты аталған соманы қайтара алатынына кепілдік бере алмайтынын жеткізді.

"Талап арызды қабылдаймын, бірақ қайтаратыныма кепілдік бере алмаймын. Алдымда өмір бойы түрме күтіп тұр", – деді сотталушы.

Қазіргі уақытта іс бойынша сот отырыстары жалғасып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал блогер Арайлым Жиенбаева Шымкент қаласы бокс федерациясының медиа директоры қызметіне тағайы...

Шоу-бизнес

Танымал актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты жазба жариялап...