Баян Алагөзовның күйеуі қызметкерлерінің ата-аналарына зейнетақы төлейтін болады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1792

Желіде Тұрсынғали Алагөзовтің компаниясының жаңа жылдық корпоративтік кешінде 2025 жылдың қорытындысын шығарып, әріптестерін алдағы мерекелермен құттықтап, жасы 65-ке толған барлық қызметкерлердің ата-аналарына зейнетақы төлеуді бастайтынын жариялағаны көрсетілген видео пайда болды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Ол әрбір ата-ана компания үшін құнды қызметкерді тәрбиелеп өсіргені үшін компаниядан ай сайын 50 мың теңгеден алып отыратынын мәлімдеді.

Алагөзованың өзі бұл бастаманы Instagram парақшасында пікірледі.

«Сені мақтан тұтамын, махаббатым», — деп ол күйеуімен түскен видеоны жазып қойды.

Айта кетейік, бұл — Тұрсын Алагөзовтің алғашқы ірі әлеуметтік бастамасы емес. 2025 жылдың мамырында ол өз қызметкерлеріне 100 пәтер сыйлаған еді.