Каспийдегі оқу-жаттығудан аман қалған Бекет Мырзағалиев әскери борышын аяқтады

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
327

Каспий теңізіндегі қайғылы әскери оқу-жаттығу кезінде аман қалған сарбаз Бекет Мырзағалиев мерзімді әскери қызметін аяқтап, туған жеріне оралды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Сарбазды Атырау әуежайынан ата-анасы, туған-туыстары мен достары күтіп алды. Бекет Ақтау қаласындағы №29011 әскери бөлімінде борышын өтеген. Ол 2025 жылғы 3 қазанда әскер қатарына шақырылған.

Бекет Мырзағалиев — Атырау облысы Махамбет ауылының тумасы. Оның анасы Қарлығаш Мырзағалиеваның айтуынша, ұлы Каспийдегі оқиғадан кейін ауруханаға жатқызылмаған және жағаға өз күшімен жеткен. Кейін оның жағдайы жақсы екені хабарланды.

Қайғылы жағдай 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында өткен әскери оқу-жаттығу кезінде болды. Ашық деректерде жаттығуға қатысқан 17 әскери қызметшінің үшеуі аман қалып, 14 сарбаздың қаза тапқаны жазылды.

Оқиғадан кейін Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін аман қалған әскери қызметшілер мемлекеттік «Ерлігі үшін»медалімен марапатталды. Марапатталғандар қатарында №29011 әскери бөлімінің матросы Бекет Қуандық, матрос Ақжол Темірхан және санитариялық нұсқаушы Никита Удалов бар.

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы маңындағы таулы аймақта жоғалып кеткен 73 жастағы Оңтүстік Корея азаматын іздеу жұмыстары жал...

Шоу-бизнес

Белгілі әнші Жеңіс Ысқақова отбасылық өміріне қатысты көпшілікке бұрын айтыла бермеген жайттарды бөл...