Мақпал Жүнісова Мейрамбек Беспаевтың тойына неге бармағанын айтты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
376

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әнші Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойына қатыспауының себебін түсіндірді. Өнер иесі көпшіліктің көкейіндегі сауалға жауап беріп, тойға неліктен бара алмағанын ашық айтты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Әлеуметтік желіде Мейрамбек Беспаевтың мерейтойынан кейін Мақпал Жүнісованың тойға қатыспағаны қызу талқыланған. Желі қолданушылары әншіге жеке хат жазып, оның мерекелік кештен неге көрінбегенін сұраған.

Мақпал Жүнісова осы сауалдарға жауап беріп, Мейрамбектің тойына бармауына ешқандай реніштің қатысы жоқ екенін аңғартты.

«Директке көп жазып жатыр: "Сіз неге Мейрамбектің тойында болмадыңыз?" деп. Мейрамбек маған кеш айтты, біріншіден. Бір күн бұрын айтты: "Банкет бар", – деп», – деді әнші.

Халық әртісінің айтуынша, ол мерейтой өтетін күнге алдын ала басқа тойларға баруға келісіп қойған. Сондықтан бұрын берген уәдесінен бас тарта алмаған.

«Екіншіден, мен бір ай бұрын, екі ай бұрын алып қойған тойларым бар еді. Енді мен ол кісілерге бармасам, ренжиді ғой. Сондықтан мен жұмысымды атқардым. Содан кеш боп кетті. Үйге қайттым», – деп түсіндірді өнер иесі.

Мақпал Жүнісова мерейтойға қатыса алмаса да, Мейрамбек Беспаевқа ақ тілегін арнап, оның отбасына амандық тіледі.

«Мейрамбек жан, енді жүзден асып кет! Берекең көп болсын, отбасың аман болсын. Амандықта, жақсылықта тойлатып жүре беріңіздер», – деді әнші.

Осылайша, Мақпал Жүнісова көпшілікті қызықтырған сауалға жауап беріп, мерейтойға қатыспауына жұмыс кестесінің тығыздығы мен шақырудың кеш айтылуы себеп болғанын жеткізді.

СПОРТ

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, бүгінде спорт мемлекеттің жаһандағы абыройы мен беделінің көрсеткі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Үкіметі Ұлттық пантеонға жерлеу тәртібіне өзгерістер енгізді. Жаңа қаулыға сәйкес, панте...