Каспийдегі қайғылы оқиға: қамауға алынған қолбасшы орынбасарының ата-анасы үндеу жасады

коллаж MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
271

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін қамауға алынған Данияр Хайрушевтің ата-анасы Президентке үндеу жасады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғадан кейін қамауға алынған Әскери-теңіз күштері қолбасшысының орынбасары Данияр Хайрушевтің ата-анасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады, деп хабарлайды Alash.kz.

Хайрушевтің ата-анасы алдымен қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтып, олардың қайғысын түсінетіндерін жеткізді.

«Біз Хайрушев Даниярдың ата-анасы боламыз. Қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына қайғыра көңіл айтамыз. Біз сіздерді жақсы түсінеміз. Себебі өзіміз де екі ұлынан айырылып отырған адамдармыз», – деді олар.

Ата-анасының айтуынша, Данияр Хайрушев бала кезінен жауапкершілігі жоғары, өз ісіне адал азамат болып өскен.

«Ұлымыз Данияр жауапкершілігі мол, кішкентайынан ісіне адал қараған азамат. Ешкімнің дүниесіне қол сұққан адам емес», – деді ата-анасы.

Олар Мемлекет басшысынан тергеу мен істің қаралуы барысында объективтілік пен әділдік сақталуын сұрады.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сізден тек істің объективті әрі әділ қаралуын сұраймыз. Оқиғаның мән-жайы анықталады деп сенеміз», – деді Хайрушевтің ата-анасы.

Еске салайық, Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінде өткен әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілер қаза тапқан болатын. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, қауіпсіздік шараларының сақталуы мен жауапты лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп жатыр.

Данияр Хайрушевтің кінәлі немесе кінәсіз екені соттың заңды күшіне енген үкімімен анықталады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

үгін үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовке т...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу облысы Ескелді ауданына қарасты Бақтыбай ауылындағы жойқын өрттен қаза тапқан 8, 6 және...