Әйелін уайымға салу үшін адам өлтіргені туралы өтірік айтқан ер адам анықталды

Фото: АКИpress

ЖАҢАЛЫҚТАР
1771

Бішкек полиция бөліміне ер адам жалған қылмыс туралы хабар берген, деп хабарлайды madeniportal.kz  «АКИpress» порталына сілтеме жасап.

Ленин аудандық ішкі істер басқармасының мәліметінше, 20 ақпанда 102 нөміріне белгісіз ер адам хабарласып, Лев Толстой көшесінде кісі өлтіргенін айтқан.

Хабарлама бойынша дереу жедел тергеу тобы құрылып, полиция қызметкерлері күдіктіні іздеуге кірісті. Алайда көп ұзамай ер адам байланысын үзіп, оның айтқандары расталмады.

Полицейлер жалған ақпарат таратқан азаматты тауып, оны полиция бөліміне жеткізді. Күдікті — 1975 жылы туған К.М. Ол өз әрекеті үшін кешірім сұрап, мұндай қадамға әйелімен жанжалдан кейін барғанын мойындады. Оның айтуынша, әйелімен болған кикілжіңнен кейін оны уайымға салу үшін осындай әдіске жүгінген.

Қазір құқық қорғау органдары бұл оқиғаға құқықтық баға беріп жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Тайландта дауыс берді, деп хабарлады Maden...