Қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградалармен марапатталды

Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
190

Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде қаза болған 14 әскери қызметші қайтыс болғаннан кейін мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын өтеу кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін әскери қызметшілерге «Айбын» ордендері берілді.

29011 әскери бөлімінің взвод командирі Олжас Мұхтарұлы Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды.

Ал Сержан Аяпберген, Дастан Бегей, Мейрамбек Бердіханов, Ақжайық Гилаж, Мансұр Ғұмаров, Олжас Диханбаев, Әсет Жаңабай, Алмас Көбенов, Азамат Мәдіхан, Өмірбек Өмірзақ, Жеңіс Темірғалиев, Ақылбек Төлеген және Мирас Тұрдыбекұлы Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденіне ие болды.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Жапонияның Аичи–Нагоя қалаларында өтіп жатқан ХХ ж...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республи...