Бір көлік қағып, екіншісі басып кетті: Ақсуда жаяу жүргінші көз жұмды

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
675

Павлодар облысының Ақсу қаласында жаяу жүргіншіні көлік қағып, артынша басқа маркалы машина басып кетті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Жаяу жүргіншіні оқиға салдарынан жаяу жүргінші көз жұмды. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы және оқиға орнынан жасырыну фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Алдын ала деректер бойынша, 6 қазан күні Ақсу қаласында ВАЗ-21213 автокөлігінің жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Одан кейін екінші ВАЗ-21070 автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні басып өтіп, оқиға орнынан ізін суытқан.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді анықтап, ұстады және полиция бөліміне жеткізді.

"Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады", - делінген Полиция департаментінің хабарламасында. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...