Астанада Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімб...
Алматыдағы Әлихан Бөкейхан көшесін көрдіңіз бе?
Көшенің жағдайы мәз емес
Алматы қаласында ұзындығы шамамен 3950 метрді алып жатқан ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан атында көше бар. Аталған көшемен bugin.kzтәуелсіз авторлар платформасының тілшісі арнайы жүріп өтіп, көшенің бүгінгі жай-күйі туралы ақпарат береді.
«Әлихан Бөкейхан кім?» деген сұрақты қоюдың өзі ұят болар. Ұлттың көсемі екенін өзінің сөзімен де, ісімен де дәлелдеп кеткен, Алаштың басын қосып «Алаш орда» құрған қазақтың сүйікті ұлына бұйрыған Алматыдағы көшенің жағдайы мүлде нашар.
«Тәуелсіздік» көшелерінің атауы өзгеріп жатқанда, Әлиханның атындағы көшеге мойын бұратын шенеунік немесе Алматы қаласының әкімшілігі жоқ-ау. Себебі, көшенің бойында бірде-бір ғимарат немесе көз тартатын демалыс орны жоқ. Көше бойы толған көлік жөндейтін орындар. Әлихан Бөкейхан көлік шығаратын завод ақшан жоқ, ұлттың болашағы үшін күресті.
Көшенің бойында қираған үйлер көп. Ешкім олардың құрылысына немесе бей-берекетсіздігіне қарап жатқан жоқ.
Көлік жүретін тас жолдың жағдайы сапа көтергенімен, жаяу жүргіншілер жүретін жолдардың асфальты ашылып, тіпті топыраққа айналып үлгерген. Жаяу жүріп өткен адамның аяғынан-басына дейін шаңғы оранады. Шағын дүкендер және маркеттер ғана көресіз.
Тек 1-2 адамға ғана арналған тратуар.
Шаң басқан аялдамалар, ешкімге керегі жоқ көше екенін аңғартып тұрғандай...
Әлихан Бөкейхан атындағы көшенің тағы бір олқылығы, көшеге берілген атаулардың жалпы стандартты норманы сақтамауы. Яғни, бір жерде "Бөкейхан", "Бокейханова", "Бөкейханов" деп жазылған. Нақты бір тұрақты қазақы атауы жоқ.
Бұл шағын көпір де Әлихан көшесінде орналасқан...
Топыраққа оранған көшедегі асханалар, әжетханалар және көлік жөндейтін орын (СТО).
Тек "Келет" деген сауда үйі болмаса, басқа зәулім ғимарат атымен жоқ
Шаңға бөккен көліктер...
Көшенің қилыстарындағы жағдай осындай...
Әлихан Бөкейханға ұзын көшенің атын берудің де қажеті жоқ. Ұлт көсеміне өзіне лайық жерден, лайық орыннан және қала әкімшілігі болып жағдай жасайтын жерден берілуі керек. Қазақтың азаттығы үшін күрескен алаштықтардың атындағы көшелер бұлай қор болуға тиісті емес.