«Кейбіреулердің мұқатуы жүрекке батты»: Қайрат Нұртастың анасы желі қолданушыларына өкпесін айтты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1116

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова желі қолданушыларына жауап берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Продюсер ханым немересі Алаудың жазбасын қолдау мақсатында пікір білдірген.

"Алау қызымның жүрегіне кейбіреулердің мұқатуы шындығында қатты батты, пәленшенің немересі, түгеншенің қызы деп тиісу де аз болған жоқ. Қандай перзентіміз болса да ішкі дүниесі адалынан болсын. Небір сырт көзге сыпайы, керек десеңіз орамалменде көріп жатырмыз, беті жылтыр іші қылтыр. Бастысы екі жүзділік болмасын ұрпағымызда. Бізде ең ауыры, біреу алға шықса аяқтан тарту өте көп, өсек бітпейді. Бұйыртса Алау қызым алаулаған жалынды, қайсар қыз болып, бүкіл Қазақ елінің мақтанышы болуын Алла қабыл етсін!", - деді Гүлзира Айдарбекова.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...