Алматыда қарт кісі жас қызға ақшаға интим ұсынып тиіскен

Фото: видеодан алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1620

Желіде Алматыда ер адамның қызды қорлап, интимді ұсыныс айтқан видеосы пайда болды, деп хабарлады  Мadeniportal.kz.

Ер адам қызға жыныстық қатынас үшін ақша ұсынған. Қыз жұмыстан кейін маникюрге бара жатқан екен.

Қарт адам “қызым” деп шақырып алып, сосын “қарындасым, өтініш” депоны қолымен ұстамақ болған. Алғашында қыз оған көмек керек деп ойлапты. Бірақ оның орнына ол қызға жағымсыз сөздер айтты.

Бұл оқиғаға байланысты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

"Оқиға бойынша жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.Оқиғаның барлық объективті мән-жайлары анықталып, құқықтық баға беріліп, Қазақстан Республикасының заңнамасына қатаң сәйкес шаралар қабылданады", – деді ПД.

Сондай-ақ олар полицияның мұндай фактілерге принципті түрде әрекет ететінін және оларды назардан тыс қалдырмайтынын қосты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...