Халыққа кеңінен танылған имам Нұрлан Байжігітұлының видеосы тарады, деп хабарлайды madeniport...
«Кенеттен болған жоқ»: Ұлдана қаза тапқан үйдің қасбеті неге құлағаны айтылды
коллаж MadeniPortal.kz
Астанада үй қасбетінің опырылуынан фельдшер Ұлдана Мырзуан қаза болған іс бойынша сотта «Астанатехнадзор» сарапшысы Дмитрий Воробьев жауап берді. Ол қасбеті құлаған үйге негізгі техникалық қорытынды жасаған ұйымның өкілі, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Сарапшының сөзінше, қасбеттің опырылуы аяқ астынан болған жағдай емес. Бұған ұзақ уақыт бойы бірнеше фактор әсер еткен. Алайда маман негізгі себеп ретінде құрылыс сапасының өте төмен болғанын атады.
«Бұл кенеттен болған жоқ, оған дейін жеткілікті ұзақ уақыт өтті. Опырылу бірнеше фактордың жиынтық әсерінен болды. Соның ішінде біз негізгі себеп ретінде құрылыстың өте сапасыз жүргізілгенін есептейміз», – деді Дмитрий Воробьев.
Ол бұған дейін сотта айтылған ғимарат қабаттарының көбейтілуіне байланысты конструкциялық кемшіліктер туралы нұсқаға да тоқталды. Сарапшының айтуынша, биік ғимараттың кірпіштен салынуы өздігінен апатқа себеп бола алмайды. Астанада осы технологиямен тұрғызылған және қалыпты пайдаланылып жатқан көпқабатты тұрғын үйлер бар.
Маман қасбеттегі кірпіш қалау сапасына ерекше назар аударды.
«Қалаудың сапасын толыққанды кірпіш қалау деп атаудың өзі қиын. Онда жіктердің ерітіндімен толық толтырылмауы байқалады», – деді сарапшы.
Осылайша, «Астанатехнадзор» өкілі қасбеттің құлауына әсер еткен басты факторлардың бірі құрылыс жұмыстарының сапасыз орындалуы болғанын мәлімдеді.