Қазақстанның еңбек сіңірген артисі өмірден өтті

Әнші Мырзахмет Мұқаманов

ЖАҢАЛЫҚТАР
1112

Қаралы хабарды әнші Рамазан Стамғазиев әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

"Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, ардагер әнші Мырзахмет Мұқаманов ағамыздың өмірден өтуіне байланысты көңіл айтамын.  Мырзахмет ағамыз – Қазақ өнері мен ән өнерінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан, өзіндік үнімен, сахнадағы дара болмысымен ел жүрегінен орын алған тұлға еді. Оның орындауындағы әндер талай буынның рухани қазынасына айналып, ұлттық өнердің биігін асқақтатты. Саналы ғұмырын өнерге арнап, шәкірт тәрбиелеп, қазақ мәдениетінің дамуына зор еңбек сіңірді. Осындай ардақты азаматтан айырылу – ел үшін орны толмас қаза. Ағаның жаны жәннатта, иманы саламат болсын. Артында қалған туған-туыстарына, ағайын-бауырларына, шәкірттеріне, барша қазақ еліне қайғырып көңіл айтамын. Алла тағала сабыр берсін. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын", - деп жазды Рамазан Стамғазиев.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының құтқару қызметі жаңа экологиялық таза көлікпен толықты. Электрокарлар мамандардың қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте ер адамды экскаватордың басып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Mad...