Оралда музыканың даусын қатты шығарғаны үшін көрші әйелді сабап тастаған адам ұсталды

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1544

Орал қаласында сот музыканың қатты дауысы үшін көршісін ұрып-соққан ер адамның ісін қарады, деп хабарлайды madeniportal.kz  «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, оқиға 2023 жылдың 2 желтоқсанында кешкі сағат 18:00 шамасында болған.

«Орал тұрғыны өз пәтерінде қатты музыка қойып, тыңдап отырған. Бұл көршісінің ашуын туғызған. Ол әйелді сабырға шақырмақ болып, есігін қаққан, алайда жауап болмаған. Кейін ашуланған ер адам есіктің әйнегін сындырып, ішке кірген. Ол әйелді тауып алып, бірнеше рет басы мен денесінен ұрған. Артынша оның басын қабырғаға соғып, пәтерден шығып кеткен», – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сотта айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, ісіне өкінетінін айтты. Жәбірленуші соттан қатаң жаза тағайындауды сұрамады, бірақ белгілі бір шектеулер қоюды өтінді.

Сот ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің кінәлі деп танып, 40 сағат қоғамдық жұмыс істеу жазасын белгіледі. Сот үкімі заңды күшіне енді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді тоқтату мерзімін ұзартты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....

PESTEL

Иран Нахичеванға дрондар арқылы шабуыл жасады. Дереккөз мәліметінше, ұшқышсыз аппараттардың бірі Нах...