Кипр Президенті «Достық» орденімен марапатталды

Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
230

Мемлекет басшысы Кипр Президенті Никос Христодулидиске І дәрежелі «Достық» орденін табыстады, деп хабарлады MadeniPortal.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр Президентінің Қазақстанға жасаған алғашқы тарихи сапары екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы маңызды кезең екенін атап өтіп, Никос Христодулидистің екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалады.

«Мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға деген берік ұстанымыңыз үшін Сізге шынайы ризашылығымды білдіруге рұқсат етіңіз. Қазақстанда Сізді жақсы дос әрі беделді мемлекет қайраткері ретінде таниды. Сіздің белсенді қатысуыңыз өзара сенімді нығайтуға, саяси диалогты дамытуға және практикалық екіжақты өзара іс-қимылды кеңейтуге ықпал етіп келеді. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында қарым-қатынасымызға жаңа серпін беріп, оның әлеуетін толық аша алатынымызға сенімдімін. Қазақстан мен Кипр арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесіңізді ескере отырып, Сізді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Бұл марапаттың атауының өзі «достық» ұғымын білдіреді және Қазақстан мен Сіздің еліңіз арасындағы қарым-қатынастың негізін құрайтын сенім мен әріптестік рухын айшықтайды. Сізге жауапты мемлекеттік қызметіңізде толағай табыс, ал достас Кипр халқына игілік пен өркендеу тілеймін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кипр Президенті жоғары мемлекеттік марапат үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдірді.

«Екі ел арасындағы достықтың символы саналатын бұл марапатты Кипр халқының атынан қабылдау – мен үшін үлкен мәртебе. Бүгінгі сапар өзара қызығушылық тудыратын салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге деген ортақ ұмтылысымыз бен берік саяси еркімізді көрсетеді», – деді Никос Христодулидис.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Димаш Құдайберген туған жерінде бейнебаян түсіреді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.  Өнер иесі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ-та балаларды ұзақ уақыт бойы қамауда ұстаған қылмыстық топ әшкереленді, деп хабарлайды MadeniPor...