Жазушы Нұрғали Ораздың 65 жылдығы аталып өтті

Сурет: Жазушылар Одағы

ЖАҢАЛЫҚТАР
1252

Жазушы Нұрғали Ораздың 65 жылдық мерейтойы аталып өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz zhazushylar-odagy.kz сайтына сілтеме беріп.

Қазақстан Жазушылар одағында Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Нұрғали Ораздың 65 жасқа толуына орай мерейтойлық кездесу өтті.

Шара барысында Одақ төрағасы Мереке Құлкенов қаламгерді құттықтап, қазақ әдебиетіне қосқан үлесін ерекше атап өтті. Ол жазушының ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі еңбегіне тоқталып, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хатын табыстады. Мерейтой иесінің иығына дәстүрлі шапан жабылды.

Кездесуге Одақ төрағасының орынбасарлары қатысып, Нұрғали Ораздың шығармашылық жолы мен әдебиеттегі орны жайлы жылы лебіздерін білдірді.

Нұрғали Ораз – қазақ прозасына терең философиялық ой, ұлттық рух пен көркемдік ерекшелігімен енген қаламгер. Оның әңгіме, повестері адам тағдырын бейнелеуімен және психологиялық иірімдерімен әдеби қауым тарапынан жоғары бағаланып келеді.

Қазақстан Жазушылар одағы мерейтой иесіне зор денсаулық, шығармашылық табыс тіледі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...