Астаналық азамат заңсыз балалар лагерін ашқан

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
982

Астаналық 40 жастағы тұрғын заңсыз кәсіп иесі  ретінде ұсталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

«31 шілде күні ауылдардың бірінде балалар лагері жұмыс істеп жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Аталған лагерьдің қызметі уәкілетті органдармен келісімсіз жүргізілген»,  деп мәлімдеді Полиция департаменті.  

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 385-бабының 3-бөлігі — «Жалған құжаттарды, мөрлерді, мөртабандарды, бланкілерді, мемлекеттік пошта төлемі белгілерін немесе мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция заңсыз лагерьлер тек заң бұзушылық қана емес, сонымен бірге балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін атап өтті. Сондықтан ата-аналарға баласын демалысқа жібермес бұрын, мекеменің барлық қажетті құжаттарының бар-жоғына көз жеткізуге кеңес беріледі.

Өткен жылы барша жұртты саунада орналасқан балалар лагеріне қатысты жанжал дүр сілкіндірген еді. Ол жерде 300 бала демалған. Кінәлілер жазаланды.

2023 жылы Қазақстан Президентінің Атырау облысындағы резиденциясы  балаларға арналған білім беру және демалыс лагеріне айналған болатын.  

АЙМАҚТАР

Синоптиктер 2026 жылғы 15 наурызға арналған шұғыл мәлімдеме жасады. Еліміздің басым бөлігінде көктай...

ЖАҢАЛЫҚТАР

14 наурызға қараған түні Ақтауда отшашудың арты өртке ұласты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Бұл о...