Елордада мәдениет саласының өкілдері тазалық челленджіне атсалысты

Астана қаласының әкімдігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
27

Астана қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында мәдениет саласының өкілдері «Өзіңнен баста!» челленджіне қатысып, бастаманы кеңінен насихаттауға үлес қосты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл турады Астана әкімдігінің ресми сайты жазды.

Аталған челлендж қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаға жанашыр көзқарасты нығайтуға және азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

Челлендж аясында Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының актрисасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Жакилина, «Жастар театры» директорының міндетін атқарушы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мақпал Мұса, «Жастар» сарайы директорының орынбасары Әділ Орынбасарұлы, сондай-ақ «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің бас дирижері Қасым Айтбаев қолдау білдіріп, эстафетаны жалғастырды.

Олар өздерінің жеке әлеуметтік желілердегі парақшаларында тазалықтың тек қоршаған ортаны күтіп ұстаумен шектелмейтінін, оның ең алдымен таза ойдан, ізгі ниеттен және ортақ іске деген жауапкершіліктен басталатынын атап өтті.

Мәдениет саласы өкілдерінің пікірінше, қоғамға, табиғатқа және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау – мәдениеттің ажырамас бөлігі әрі өркениетті қоғамның маңызды көрсеткіші.

Сонымен қатар, олар «Таза Қазақстан» бастамасының бір реттік акция шеңберінде қалып қоймай, қоғамның күнделікті өмір салтына, экологиялық мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс екенін ерекше атап өтті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шерзат Полаттың өліміне байланысты сотталғандар кассациялық сотқа жүгінді. Бұл туралы жәбірленуші та...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайрат Түнтеков Qazaqstan телеарнасындағы «1001 түн» бағдарламасында сұхбат беріп, жеке...