Алматы маңында танымал блогер әрі кәсіпкер Бейбіт Әлібековтің Lamborghini көлігін алып, трюк жасамақ...
«62 адам қайтыс болды»: Тағы бір жолаушылар ұшағы құлады
Сурет ашық дереккөзден алынды
8513
Оңтүстік Кореяда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 62 адам ажал құшты, деп хабарлады madeniportal.kz.
Жергілікті «Чеджу Эйр» ((Jeju Air)) компаниясына тиесілі «Boeing-737» Оңтүстік Кореяға Бангкоктан келе жатқан.
«Ионхап» агенттігі әуе кемесінде 175 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болғанын айтады.
Полиция мен өрт қызметі өкілдерінің мәлімдеуінше, ұшақ Муан қаласындағы әуежайдың ұшу жолағынан шығып кетіп, қоршауға соғылған.
Жолаушылар 173-і Оңтүстік Корея, 2-уі Таиланд азаматтары екен. Қайғылы оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Апат себебі анықталу үстінде.