Жамбыл облысында екі жасөспірімнің денесі сарайдан табылды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
695

Жамбыл облысының Қордай ауданында екі жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Әлеуметтік желілерде қайғылы оқиға 15 сәуір күні таңғы сағат 6-да Қаракемер ауылында болғаны айтылуда. Тоғызыншы сыныпта оқитын екі оқушының денесі сарайдан табылған.

Полиция олардың қаза тапқанын растады және бұл оқиға суицидке қатысты екенін мәлімдеді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп хабарлады Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттігімізге берген түсініктемесінде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...