Қайрат Нұртастың концертіне сатылған билеттер саны алаңның сыйымдылығынан асып кеткен

Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
55

Шымкентте 10 қазанда өткен Қайрат Нұртастың концертіне сатылған билеттер саны концерт алаңының рұқсат етілген сыйымдылығынан едәуір асып кеткен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Полицияның алдын ала мәліметінше, билеттердің шамадан тыс көп сатылуы салдарынан адамдар көп жиналып, көрермендердің қауіпсіздігіне қатер төнген.

“Адамдардың қысылып қалуы салдарынан 18 жастағы қыз зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Концерт ұйымдастырушысы, 1984 жылы туған Л. есімді азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – делінген полиция хабарламасында.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерде тараған адамдардың қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ресми мәліметке сәйкес, оқиға салдарынан көз жұмғандар жоқ.

Қазіргі уақытта аталған жағдайға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Іс Шымкент қалалық Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

ӘДЕБИЕТ

Ештеңе өнген жоқ Салман Рушди (алғашқы есім-сойы Ахмед Салман Рушди Ahmed Salman Rushdi...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте әнші Қайрат Нұртастың концерті кезінде болған адамдардың қысылып қалу оқиғасына байланысты...