Компания басқарма мүшелеріне 106.5 млн теңге сыйақы төлеген

Ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
2853

Азық - түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ KASE-ге атқарушы орган мүшелерінің 2023 жылға сыйақы көлемі 106 499 630,21 теңге болғанын хабарлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған жалақы және ақшалай ынталандыру түрлері кірген.

«Тәуелсіз аудитордың 2023 жылға арналған жекелеген қаржылық аудиторлық есебінде» жалпы қызметкерлерге  471,9 млн теңге жалақы төленгені айтылған.

Азық-түлік келісім-шарт корпорациясының негізгі басқарушы қызметкерлеріне Директорлар кеңесінің 4 мүшесі және Басқарманың 6 адамы кіреді.

2023 жылғы негізгі басқарушы қызметкерлерге сыйақыға (жалақы және салықтар) келер болсақ, Директорлар кеңесінің мүшелеріне 1,225 млн теңге және  Басқарма мүшелеріне 106,5 млн теңге төленді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бангкоктан келген рейстен кейін Алматы әуежайында каннабис сығындысы салынған екі чемодан анықталды,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық домбыра күніне орай Атыраудағы «Сұлтан Бейбарыс» алаңында ауқымды мерекелік іс-ша...