Ақтауда екі дос арасында болған жанжал пышақ жарақатымен аяқталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz. О...
Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында үндеу жасады
Фото: gov.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында халыққа үндеу жасап, бұл саяси науқанның ел тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға екенін айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Президенттің сөзінше, Қазақстан соңғы жылдары ауқымды реформаларды жүзеге асырып, даму бағытын жаңартқан. Оның айтуынша, елдегі бірлік, келісім мен ынтымақтың арқасында Әділетті Қазақстанды құру жолында елеулі нәтижелерге қол жеткізілген. Сонымен қатар, атқарылатын жұмыс әлі де көп екенін атап өтті.
Тоқаев алдағы сайлау халық игілігіне бағытталған жаңа реформаларға жол ашып, Қазақстан тарихындағы жаңа кезеңнің басталуына ықпал ететінін жеткізді.
Мемлекет басшысы партияларға сайлауға сапалы дайындалуға мүмкіндік беру үшін Құрылтай сайлауының өтетін уақытын алдын ала жариялағанын айтты. Оның пікірінше, бұл шешім алғашқы сайлау науқанының мазмұнды, ашық, бәсекелі әрі өркениетті өтуіне мүмкіндік берген.
Президент сондай-ақ ел азаматтарының сайлау барысына қатысты пікірлері осы бағыттың дұрыс таңдалғанын көрсеткенін атап өтті.