Әзербайжанның Жалилабад қаласында мәйітханаға жеткізілген ер адам тірі боп шықты. 1991 жылы туған ер...
Астанада бәйге кезінде 3 жасар баланы жылқы таптап кетті
Фото: freepik
Астана қаласының Талапкер ауылында 3 жасар бүлдіршінді жылқы таптап кетті. Қайғылы оқиға ауылда өтіп жатқан ат жарысы кезінде болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Мәліметке сәйкес, кішкентай бала 8 жасар әпкесімен бірге үйінің маңында ойнап жүрген. Осы сәтте ол ауыл ішінде жүрген жылқылардың ортасында қалып қойған.
Сол уақытта көшеде 20 жастағы жігіттер ат жарысын ұйымдастырып, бәйге өткізіп жатқан.
Жарақат алған бүлдіршін дереу ауруханаға жеткізіліп, қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оған ауыр диагноз қойған.
Анасының айтуынша, баланың ішкі құрылысы қатты зақымданған.
Баланың анасы оқиғаға қатысы бар адамдарды заң алдында жауапқа тартуды талап етіп отыр. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізуде.
Оқиғаның нақты қалай болғаны және бәйгені ұйымдастыруға кім жауапты екені тексеріліп жатыр.