Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері артты

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
784

Қазақстанда 2025 жылдың қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға және «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға жалпы 354,5 млрд теңге бөлінді. Бұл көмекті орта есеппен 856,2 мың отбасы алды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы  Azattyq Rýhy жазды.

Жәрдемақы алғандар:

  • көпбалалы отбасыларға – 308,9 млрд теңге (613,4 мың отбасы);
  • наградталған аналарға – 45,6 млрд теңге (242,8 мың адам).

2025 жылдың шілде айында жалпы сомасы 49,7 млрд теңге төленді.

  • көпбалалы отбасыларға – 43,1 млрд теңге (601,2 мың отбасы);
  • марапатталған аналарға – 6,6 млрд теңге (244,9 мың адам).

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы табысқа қарамастан төленеді. Шарт – бірге тұратын 4 және одан да көп баланың (кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлім студенттері) болуы.

2025 жылғы төлем мөлшері:

  • 4 бала – 63 030 теңге;
  • 5 бала – 78 798 теңге;
  • 6 бала – 94 565 теңге;
  • 7 бала – 110 332 теңге;
  • 8 және одан көп бала – әр балаға 15 728 теңгеден.

Аналарға арналған мемлекеттік жәрдемақы келесі санаттарға төленеді:

  • «Күміс алқа» иелері – 25 165 теңге;
  • «Алтын алқа», «Батыр ана», І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерінің иегерлері – 29 097 теңге.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын барлық мемлекеттік жәрдемақылар 6,5%-ға артты.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...